АҚШ Олимпиада және Паралимпиада комитеті трансгендер әйелдерге жарысқа қатысуға тыйым салды
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың Олимпиада және Паралимпиада комитеті (USOPC) саясатына жақында енгізілген өзгерістен кейін трансгендер әйелдер бұдан былай Олимпиада және Паралимпиада ойындарының әйелдер санаттарында АҚШ атынан бәсекеге түсе алмайды, деп хабарлайды ABC News.
Комитет әйелдерге бөлінген спорт түрлеріне қатысуға және бөлек шешінетін бөлмелерге тыйым салатын мектептер мен спорттық қауымдастықтарды қоса алғанда, шұғыл шара қолдануды талап ететін президент Дональд Трамптың ақпан айындағы бұйрығына сілтеме жасады.
- Федералдық деңгейдегі ұйым ретінде біз федералды үміттерді ақтауға міндеттіміз, - деп мәлімдеді АҚШ Олимпиада және Паралимпиада комитеті (USOPC).
Спортшылар қауіпсіздігі саясатының жаңартылған нұсқасында АҚШ Олимпиада және Паралимпиада комитеті «трансгендер» сөзін тікелей қолданбай қайта қаралған саясат «әйелдер үшін әділ және қауіпсіз бәсекелестік ортаны қамтамасыз етудің маңыздылығына баса назар аударатынын»» мәлімдеді.
- АҚШ Олимпиада ойындарының комитеті сспорттық жарыстарға қатысатын спортшылардың мүмкіндіктерін қорғауға тырысады. Комитет президенттің 14201 Жарлығына және Тед Стивенстің олимпиадалық және әуесқой спорт туралы заңына сәйкес әйелдерге әділ және қауіпсіз бәсекелестік ортасын қамтамасыз ету үшін ХОК, ХПК, ұлттық спорт федерациялары сияқты әртүрлі мүдделі тараптармен ынтымақтастықты жалғастырады, - делінген USOPC сайтында жарияланған жаңартылған саясатта.
Бұған дейін АҚШ трансгендерлерді әскерден босататыны туралы жазған болатынбыз.