АҚШ өз азаматтарын Ираннан кетуге шақырды

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Мемлекеттік департаменті Ирандағы америкалық азаматтарға шұғыл ескерту жасап, оларды Армения және Түркия шекарасы арқылы елден шығу мүмкіндігін қарастыруға шақырды. Бұл туралы Report агенттігі жазды.

Фото: Report

Бұл ескерту жаппай наразылықтар мен демонстрацияларды күшпен басып-жаншу кезінде «Ирандағы виртуалды АҚШ елшілігі» сайтында жарияланған.

Елден кете алмайтын американдықтарға өз үйінде немесе басқа қауіпсіз ғимаратты паналап, азық-түлік, су, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті заттармен қамтылуы ұсынылды.

Сондай-ақ Мемлекеттік департамент АҚШ азаматтарына «төмен профильді сақтауға», демонстрациялар өтетін жерлерден аулақ болуға, жоспарларды түзетуге дайын болуға және АҚШ үкіметінің көмегіне тәуелді емес төтенше жағдай жоспарын құруды ұсынады.

Американың Иранға қатысты 4-деңгейдегі саяхат туралы ескертуі өз күшінде. Тегерандағы Швейцария елшілігі АҚШ-тың Ирандағы мүдделерін қорғайды, сонымен қатар американдық азаматтарға жедел қызмет көрсетеді.

Еске салайық, Еуропарламент Иран дипломаттарының өз ғимараттарына кіруіне тыйым салды.