АҚШ Мемлекеттік департаменті Палестина азаттық ұйымы (ООП) мен Палестина әкімшілігінің өкілдеріне берілген визаларды жою туралы шешім қабылдады. Олар қыркүйекте Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясына қатысуға тиіс болатын.
Мемлекеттік департамент Палестина әкімшілігін «терроризмді айыптай алмады, зорлық-зомбылыққа арандатты және Израильге қарсы халықаралық соттарда “құқықтық соғыс” жүргізді» деп айыптады.
Сонымен қатар Франция, Ұлыбритания, Канада және Австралия алдағы Бас Ассамблеяда Палестина мемлекетін ресми түрде мойындау жоспары барын мәлімдеді.
Бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясы алдында АҚШ палестиналықтарға виза шектеуін күшейткені хабарланған болатын.