Жартылай ресми Tasnim ақпарат агенттігінің дерегіне сәйкес, Илам провинциясының губернаторы Ахмед Кереми өңірге жасалған шабуылдар туралы мәлімдеме жасаған.
Керемидің айтуынша, Иламда 93 нысан шабуылға ұшырап, оның 61-і зақымданған.
– Бұл шабуылдар салдарынан 60 отандасымыз қаза тапты. Олардың арасында алты айлық сәби, көрнекті ғалым, полиция қызметкерлері мен шекарашылар бар, — деді ол.
Еске сала кетсек, кеше Израиль ИРСК «бас насихатшысының» қаза тапқанын растады.
Ал он екі араб және ислам елдері Иранды шабуылдарды тоқтатуға шақырды.