АҚШ Сенаты Иранмен соғысты тоқтату туралы бастаманы қолдамады

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Сенаты президент Дональд Трампты Иранға қарсы соғысты тоқтатуға міндеттейтін қарарды көпшілік дауыспен қабылдамады. Бұл туралы Anadolu агенттігі жазды.

Фото: Anadolu

Сенаттың жалпы отырысында «Әскери өкілеттіктер туралы» қарар жобасы бойынша дауыс беру өтті.

Құжатты 51 сенатор қолдамады, ал 48 заң шығарушы оны жақтап дауыс берді.

Израильді қолдайтын ұстанымымен танымал Пенсильвания штатынан сайланған сенатор Джон Феттерман қарарға қарсы дауыс берген Демократиялық партияның жалғыз өкілі болды.

Ал республикалық сенаторлар Сьюзан Коллинз, Лиза Мурковски және Рэнд Пол демократтардың бастамасын қолдап, қарарды жақтап дауыс берді.

Еске салайық, бұған дейін Иран шамамен екі айға созылған үзілістен кейін Парсы шығанағындағы шабуылдарын күшейтіп, Кувейттегі АҚШ әскери-әуе базасына және Бахрейндегі нысандарға соққы жасағанын хабарланғанбыз.