Иран Кувейттегі АҚШ әскери базасы мен Бахрейндегі нысандарға соққы берді
АСТАНА. KAZINFORM — Шамамен екі айға созылған үзілістен кейін Иран Парсы шығанағындағы шабуылдарын күшейтіп, Кувейттегі АҚШ әскери әуе базасы мен Бахрейндегі бірқатар нысанға соққы берді. Бұл туралы Kazinform агенттігінің Вашингтондағы меншікті тілшісі NBC News-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Иранның қарымта шабуылдары АҚШ сейсенбі күні Ормуз бұғазындағы Кешм аралында орналасқан Ислам революциясы сақшылар корпусының зымыран базасына соққы бергеннен кейін басталды. Ал Америкалық тарап 10 қарашада Иранның Бахрейндегі АҚШ радиолокациялық станциясына жасаған шабуылына жауап ретінде әуе соққысын жасаған еді.
Иранның мәлімдеуінше, жұма және өткен аптаның жексенбісінде Бахрейндегі АҚШ нысандарына жасалған шабуылдар америкалық күштердің дрондар арқылы бақылау жүргізуіне және Ирандағы ұялы байланыс мұнараларына соққы беруіне жауап ретінде ұйымдастырылған.
Мұндай өзара шабуылдар қақтығысты дипломатиялық жолмен реттеу жөніндегі келіссөздерге кедергі келтіріп, кең ауқымды соғыстың қайта басталу қаупін күшейтіп отыр.
Бұған дейін Иран Бахрейндегі АҚШ әскери базасына шабуыл жасалғанын мәлімдегенін хабарлаған болатынбыз.