АҚШ Сенаты миллиардер Айзекманды NASA басшысы қызметіне бекітті

Фото: ТАСС

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Сенаты кәсіпкер әрі миллиардер Джаред Айзекманның NASA басшысы қызметіне кандидатурасын мақұлдады. Бұл туралы BBC хабарлады.

Оны 67 сенатор қолдаса, 30 сенатор қарсы дауыс берген.

Айзекман агенттікті басқарған алғашқы саяси тәжірибесі жоқ басшы атанбақ. Ол әуесқой ұшқыш ретінде танымал әрі ашық ғарышқа шыққан алғашқы кәсіби емес астронавт болып есептеледі.

Forbes дерегіне сәйкес, оның байлығы шамамен 1,2 млрд долларды құрайды. Бұл қаражат төлемдермен айналысатын компаниядан, сондай-ақ ұшқыштарды даярлау және жеке әуе паркін басқару саласындағы бизнестен түскен.

Айзекманды SpaceX компаниясымен кәсіби алыс-беріс байланыстырады. Алайда ол Айды игеру бағдарламаларын дамыту мен оның ресурстарын зерттеу бағытын қолдайды. Бұл ұстаным Марсты басым бағыт ретінде қарастыратын Илон Масктың көзқарасымен сәйкес келмейді.

Бұған дейін NASA басшысының міндетін көлік министрі Шон Даффи уақытша атқарып келді.

Мамыр айында Дональд Трамп Айзекманның кандидатурасын оның байланыстарын қосымша тексеру қажеттігін алға тартып, кері қайтарып алған еді. Алайда кейінірек Трамп миллиардер Джаред Айзекманды NASA басшысы қызметіне қайтадан кандидат ретінде ұсынды.