АҚШ Сенаты үкіметтің жұмысын қайта бастауға арналған екі жоспарды да қолдамады

Фото: Рүстем Кожыбаев/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Сенаты федералды үкіметтің жұмысын қайта жандандыруға бағытталған екі бірдей жоспарды талқылағанымен, ешқайсысы қажетті дауыс жинай алмады.

Reuters агенттігінің мәліметінше, демократтар да, республикашылар да ұсынған балама құжаттар қолдауға ие болмаған. Дауыстың қорытындысы бойынша ұсыныстардың ешқайсысы 60 дауысқа жетпеген.

Сонымен қатар АҚШ Президенті Дональд Трамп әкімшілігі Чикаго қаласының көлік инфрақұрылымын дамытуға бөлінген 2,1 миллиард долларды тоқтатты. Иллинойс штатының губернаторы Джей Би Притцкер бұл шешімді «бопсалау» деп бағалады.

Сарапшылардың пікірінше, құжат қабылданбаған жағдайда үкіметтің жабық күйде қалуы АҚШ тарихындағы төртінші ұзақ мерзімді «шатдаунға» алып келуі мүмкін.

Бұған дейін АҚШ үкіметі жұмысын ішінара тоқтататынын жазған болатынбыз.