АҚШ сирек кездесетін металдар арқылы Қытайға тәуелділігін азайтпақшы

Фото: marketbeat.com

АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ-тың ең ірі болат өндіретін Cleveland-Cliffs компаниясы Қытай тарапынан бақылаудың күшеюіне байланысты өз бағытын сирек кездесетін жер элементтеріне ауыстырып жатыр, деп хабарлайды FOX Business.

-Болат өндірісінен басқа, сирек кездесетін металдар маңыздылығының артуы бізді тау-кен өндірісіне назар аударуға итермеледі,- деді Cleveland-Cliffs бас директоры Лоуренко Гонсалвеш компанияның тоқсан сайынғы кірістері туралы мәлімдемесінде.

Огайо штатында орналасқан компания Мичиган мен Миннесота штаттарында сирек жер минералдарын өндіру жоспарын жариялады.

- Америкалық өндіріс маңызды минералдарды жеткізуде Қытайға немесе кез келген басқа елге тәуелді болмауы керек және Кливленд-Клиффс бұл мәселені шешу үшін өз үлесін қосуға ниетті, - деп қосты бас директор.

Бұған дейін Қытай сирек жер элементтерінің технологияларына экспорттық бақылауды күшейтіп жатқаны хабарланған болатын.