АҚШ Сириядағы «Ислам мемлекеті» нысаналарына соққы жасады
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ әскерилері 20 желтоқсан, сенбіге қараған күні Сириядағы «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған — ред.) лаңкестік тобының нысаналарына соққы берді. Бұл туралы DW ақпарат агенттігі хабарлады.
Ислам мемлекетінің» содырлары, сондай-ақ топтың инфрақұрылымы мен қару-жарақ қоймалары нысанаға алынды, деп жазды АҚШ қорғаныс ведомствосының басшысы Пит Хегсет X әлеуметтік желісінде. https://x.com/SecWar/status/2002140737060692098
AFP агенттігінің Пентагон өкіліне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, шабуыл жасалған нысандар Сирияның орталығында орналасқан, 70-тен астам нысанға соққы жасалды. Al Hadath телеарнасының мәліметінше, АҚШ базасынан зымырандар Дейр-эз-Зор, Ракка және Хомс провинцияларына атылған. Соққылар жойғыш ұшақтар мен шабуыл тікұшақтары көмегімен де жасалған.
Пентагон бұл операцияны «Қаршыға шабуылы» (Hawkeye Strike) деп атады. Бұл соңғы айларда Таяу Шығыстағы АҚШ-тың жалғыз операциясы емес – америкалық күштер мұндай шабуылдарды Башар Асад билігі құлатылғаннан кейін елді басқарып отырған уақытша Сирия билігімен үйлестіре отырып жүргізіп жатыр.
Бұл соңғы айларда АҚШ-тың Таяу Шығыста жүргізген жалғыз операциясы емес – америкалық әскерлер осындай шабуылдарды Башар Асад билігі құлатылғаннан бері елді басқарып отырған уақытша Сирия билігімен үйлестіре отырып жасап келеді.
Хегсеттің айтуынша, АҚШ шабуылы 13 желтоқсанда Пальмирада болған Сирия қауіпсіздік күштері мен АҚШ әскерлерінің бірлескен патрульіне «Ислам мемлекеті» содырының шабуылына жауап болды.
БАҚ хабарлауынша, сол кезде АҚШ-тың екі әскери қызметкері, бір азаматтық аудармашы (ол да америкалық азамат) және екі сириялық қаза тапты. Сондай-ақ үш америкалық сарбаз жарақат алды. Патрульге жалғыз қарулы содыр шабуыл жасап, жауап атыстан қаза тапты.
Еске салсақ, АҚШ Сирия президентін террористер тізімінен шығарды.
Бұған дейін Сирия «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы халықаралық коалицияға қосылуға ниетті екенін жаздық.