Бұл туралы АҚШ Азаматтық және иммиграция қызметінің (USCIS) директоры Джозеф Эдлоу әлеуметтік желіде мәлімдеді.
Ол АҚШ президенті Дональд Трамп барлық «қатер төндіретін» елдерден келген шетелдік азаматтардың грин-карталарын толық және жан-жақты қайта тексеруді тапсырғанын атап өтті.
Бұл мәлімдеме АҚШ Ұлттық гвардиясының екі сарбазының Ақ үй маңында атып өлтірілгеннен кейін бір күннен соң жасалды. Күдікті — Ауғанстан азаматы. Ол 2021 жылы АҚШ-қа қоныс аударған.
Еске салсақ, жақында Ақ үй маңындағы атыстан кейін АҚШ Ұлттық гвардиясының екі сарбазы жараланды.
Кейіннен сарбазға оқ атқан күдіктінің жеке басы анықталды.