RedState порталының хабарлауынша, қонақүйге келушілер жарылыс даусын естіп, сонымен қатар кіреберіс маңында қалың түтінді көрген.
- Біз Trump Tower кіреберісінде көліктің өртенуін тексеріп жатырмыз. Өрт сөндірілді. Оқиға орнына жақындамаңыз, - деп жазды Лас-Вегас полиция департаменті X желісінде.
Tesla иесі Илон Маск – Трамптың ең жақын одақтастарының бірі. Республикалық инаугурациядан кейін кәсіпкер бизнесмен Вивек Рамасвамимен бірге үкіметтің тиімділігін арттыру және бюрократиямен күресу бойынша жаңа әкімшілік жанындағы бөлімді басқарады деген болжам бар.
Илон Маск сайлау күнінен бері Трамптың резиденциясында тұрып жатқанын жазған болатынбыз.