Илон Маск сайлау күнінен бері Трамптың резиденциясында тұрып жатыр — New York Times

АСТАНА. KAZINFORM — Дереккөздердің хабарлауынша, Маск Дональд Трамптың жеке резиденциясы орналасқан Мар-а-Лаго аумағындағы коттедждердің бірін жалға алған, деп хабарлайды Kazinform The New York Times-қа сілтеме жасап. 

Илон Маск сайлау күнінен бері Трамптың резиденциясында тұрып жатыр
Фото: Julia Demaree Nikhinson

Ол тұрған коттедж Banyan деп аталады, президент үйінен бірнеше жүз фут қашықтықта орналасқан. Сол аумақта тұру Маскқа Трамптың кешкі астарына қатысуға мүмкіндік берді: мәселен, жақын арада ол Amazon негізін қалаушы Джефф Безоспен кешкі асты бірге ішкен. 

Маск — сайланған президенттің Мар-а-Лаго меншігінде тұрып жүрген жақын ортасының жалғыз мүшесі емес. Дереккөздің мәліметінше, коттедждердің бірінде болашақ вице-президент Джей Ди Вэнс те қалған.

Трамп әлемдегі ең бай адам Масктың Мар-а-Лагодағы тұрғын аудандардың бірін «жалдап жатқанын» мақтан етті, деп жазды NYT. 

Газеттің жазуынша, Маск коттеджге қанша төлейтіні белгісіз, оны жалдау әдетте бір түнге кемінде 2000 доллар тұрады. Алайда әдетте қонақтарға төлем шот соңғы күні жіберіледі. Осылайша, Трамп Маскқа шот бермеуі немесе соманы азайтуы әбден мүмкін.

Илон Маск сайлау күнінен бері коттеджде тұрып, нәтижелерді Трамппен бірге бақылап келген. Ол сол аумақтан Рождество мерекесіне жақын күндері кетіп, жақын күндері қайта оралады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды New York Times.

Еске сала кетсек, Business Insider JetSpy көмегімен Илон Масктың жеке реактивті рейстеріне талдау жасалды. Жаңалықтар порталының мәліметінше, америкалық миллиардердің екі Gulfstream ұшағы ағымдағы жылдың қаңтар айынан желтоқсан айының ортасына дейін барлығы 355 рейс жасаған

Соңғы жаңалықтар