2024 жылы Илон Масктың жеке ұшақтары қанша рейс жасады
АСТАНА.KAZINFORM — Business Insider JetSpy көмегімен Илон Масктың жеке реактивті рейстеріне талдау жасады. Жаңалықтар порталының мәліметінше, америкалық миллиардердің екі Gulfstream ұшағы ағымдағы жылдың қаңтар айынан желтоқсан айының ортасына дейін барлығы 355 рейс жасаған.

Әлемдегі ең бай адамның жеке ұшақтары аспанда шамамен 881 сағат ұшқан.
Business Insider 2024 жылы Масктың ұшақтары Палм-Бич әуежайына немесе одан 31 рейс жасағанын хабарлайды. Дональд Трампқа тиесілі Mar-a-Lago жеке резиденциясының осы әуежайдың жанында орналасқаны да аталып өтті.
Бұл аймаққа 31 рейстің 25-і Трамп сайлауда жеңіске жеткеннен кейін орындалды. Маск Трампты ресми түрде қолдай бастағаннан кейін ұшақтар Пенсильвания және Джорджия сияқты штаттарға 13 рейс жасады.
Алайда Илон Масктың өзі әрбір рейсте болғаны және оның Палм-Бич аймағына Трамппен кездесуден басқа себептермен барған, бармағаны белгісіз.
Сондай-ақ 2024 жылы оның ұшақтарының негізгі бағыттарына SpaceX нысандарының жанында орналасқан Хоторн (Калифорния) және Браунсвиллдегі (Техас) әуежайлар кірді. Олар сондай-ақ Тесланың штаб-пәтері мен Масктың үйлерінің біріне жақын Остин әуежайына жиі ұшатын.
Ұшақтар сонымен қатар Франция, Польша, Германия, Португалия, Индонезия, Қытай және Ұлыбританияға ұшты. Маск Париж Олимпиадасына және Нотр-Дам соборының ашылуына, сондай-ақ Балиге Starlink ұшыруына барды.
JetSpy мәліметінше, миллиардердің екі ұшағы шамамен 2,5 миллион долларға жанармай тұтынып, 2024 жылы 4000 тонна көмірқышқыл газын шығарған.
2022 жылдан бастап Маск жеке ұшақтардың қозғалысын жасыруға мүмкіндік беретін федералды бағдарламаны пайдаланады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Дональд Трамп пен Илон Маск әлеуметтік желіні қалай пайдаланатынын жазған едік.