Дональд Трамп пен Илон Маск әлеуметтік желіні қалай пайдалануда

АСТАНА. KAZINFORM - Дональд Трамптың «Truth Social» және Илон Масктың «X» әлеуметтік платформалары (бұрынғы Twitter), оқиғаларға баламалы көзқарас ұсынатын жаңа, шынайы ақпарат алаңын құрып жатыр. Аталған мәселеге Kazinform-ның меншікті тілшісі шолу жасады.

Как соцсети Трампа и Маска меняют правила игры
Коллаж: Kazinform / Flikr/ Freepik / truthsocial.com

Трамп жақтастарының идеологиялық орталығы

2021 жылы Трамптың Twitter, Instagram және Facebook-те уақытша бұғатталуына, Truth Social платформасы жауап ретінде пайда болды. Сол уақыттан бері көп нәрсе өзгерді: 2022 жылдың, қазан айында Илон Маск «Twitter микроблог» қызметін сатып алып, оның атын «X» деп өзгертті. Одан қоса, «Facebook» желісі «Meta» деп өзгертілді. Қортындысында, Трамптың Twitter, Instagram және Facebook аккаунттарына кіру, 2022 және 2023 жылдары қалпына келтірілді. Алайда, балама платформалар идеясы қазірдің өзінде кеңінен таралған.

Трамптың жақтастары үшін дәстүрлі америкалық медиадан өзге балама іздеген платформаға айналған Truth Social әлеуметтік желісі оның сайлауалды кампаниясының арқасында кең танымалдылыққа ие болды. Платформаның танымалдығы артқан сайын оның нарықтық құны да едәуір өсті. Қазан айында Truth Social желісіне иелік ететін Trump Media & Technology Group компаниясының құны 10 миллиард доллардан асты, ал қыркүйек айының соңынан бастап оның акциялары төрт есе қымбаттады.

Сайлау науқаны TruthSocial-ты танымал етті. Бұл әлеуметтік желі негізінен АҚШ-тың 47-ші сайланған президентін сынайтын, дәстүрлі америкалық БАҚ-қа балама іздейтін, Трамп жақтастарының алаңына айналды.

Платформа танымал болуы, оның нарықтық құнына айтарлықтай әсер етті. Қазан айында Truth Social компаниясына иелік ететін «Trump Media & Technology Group» компаниясының құны $10 млрд асса, қыркүйек айының соңынан бастап компания акциялары төрт есеге қымбаттады.

Truth Social пайдаланушыларға саяси астары бар цензурадан алшақ, еркін тақырыптарда пікір алмасу мүмкіндігін ұсынады, деп мәлімдейді оның жасаушылары. Дегенмен, платформаның шектеулі техникалық мүмкіндіктері мен тар аудиториясы Meta немесе TikTok сияқты технологиялық алыптармен бәсекелесуге әлеуетінің жеткіліксіз екенін көрсетеді.

Бұл платформа, қолданушылар саны туралы нақты мәліметтерді жарияламаса да, 2024 жылдың ақпан айындағы сарапшылардың бағалауы бойынша, әлеуметтік желінің ай сайынғы белсенді қолданушылары шамамен 5 миллион адамды құрады. Салыстыра кетсек, бәсекелес әлеуметтік желілер TikTok пен Facebook-тің ай сайынғы аудиториясы сәйкесінше 1 миллиард және 3 миллиард қолданушыға жетеді.

Truth Social платформасында 8 миллионнан астам жазылушысы болғанымен, Трамп TikTok, Instagram және X сияқты әлеуметтік желілерде анағұрлым кең аудиториямен байланысады. Бұл желілерде оның жазылушылар саны сәйкесінше 14,4 миллион, 29 миллион және 94 миллион адамға жетеді.

Соңғы жаңалықтар