Орман өрті үлкен аумаққа тараған. Құтқарушылардың айтуынша, жалын өте тез таралуда. Бұған құрғақ күн райы мен жел жағдай жасауда. Жел екпінінің жылдамдығы кей жерлерде сағатына 80 шақырымды құрайды.
Оклахомада жүздеген тұрғын үйлерінен кету кеңесін алды. Калифорнияда да адамдарды көшіріп жатыр. АҚШ-та табиғи өрт салдарынан 4 миллион гектар орман алқабы өртенді, деп жазады 24.kz.