АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-та циркте өнер көрсетіп жатқан піл қашып шығып, көлік қозғалысын шектеп тастады.
Американың Монтана штатындағы Бьютт қаласында Виола есімді піл қозғалмалы цирктен қашып кетті. Қатты дыбыстан шошыған жануар көшеге атып шыққан. Сол сәтте көше жолында көлік ағыны тығыз болып, кептеліс орын алды.
Аң үйретушілер Виоланы қуып жетіп, оны тыныштандырып үлгерді. 10 минуттан кейін жануар циркке оралып, үзілген қойылымды жалғастырды.
Оралхан Қожанов
2013 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазҰПУ-ді журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары «Баянтау», «Ауыл тынысы», «Отарқа», «Сарыарқа самалы», «Қазақ үні», «Егемен Қазақстан» газеттерінде, «Ұлыс медиа» порталында қызмет атқарды.