АҚШ-та жоғары тарифтер сақталса 2025 жылы рецессия болады деген болжам жасалды
АСТАНА. KAZINFORM – Apollo Global Management бас экономисі Торстен Слок егер тарифтер қазіргі деңгейде сақталса, АҚШ биыл рецессияға ұшырайтынына сенімді, деп хабарлайды NBC News.
- Барлығы тарифтердің осы деңгейде қалуына байланысты, егер олар осы деңгейде қалатын болса, бізде 2025 жылы рецессия болатыны сөзсіз, - деп мәлімдеді Торстен Слок.
Егер осы айдың басында енгізілген жоғары тарифтер өз күшінде қалатын болса, экономикалық өндірістің екі тоқсан ішінде қысқару ықтималдығы 90 пайызды құрайды, ал жалпы ішкі өнім 4 пайыздық тармаққа төмендейді.
Слоктың рецессия болжамында орталық орынды қытайлық тарифтер алып отыр.
Оның пікірінше, олар импортталатын тауарларға жоғары салық төлеуге қолма-қол ақшасы жоқ АҚШ-тың шағын бизнесі үшін өте зиян.
- Олардың қосымша 145% төлеуге ақшасы мен қолма-қол ақшасы жоқ. Сондықтан, егер мұны жалғастыруға жол берілсе, бізді ритейлердің ауқымды көлемдегі банкроттығын көреміз, - Торстен Слок.
Сарапшының айтуынша, бөлшек саудадағы кез келген құлдырау сайып келгенде еңбек нарығына және тұтынушылардың көңіл-күйіне нұқсан келтіреді, өйткені 500-ден аз қызметкері бар шағын бизнес жалпы жұмыспен қамтудың 80%-ын құрайды.
Осы айдың басында JPMorgan Asset Management өкілі Дэвид Келли 2 сәуірде жаңа тарифтер жарияланғаннан кейін бірден жоғары тарифтердің сақталуына байланысты рецессияның 60% ықтималдығы бар екенін айтты.
Қазіргі уақытта АҚШ акциялары құлдырап жатыр. S&P индексі 2,4%-ға, ал Nasdaq технологиялық индексі және Dow Jones өнеркәсіптік индексі 2,5%-дан астам төмендеді. Трамп 2 сәуірде «Бостандық күні» құрметіне баж салығы туралы жариялағаннан кейін барлық үш индекс 9%-дан астам төмендеді.
Осыған дейін алтын бағасы рекордтық деңгейге көтерілгені туралы жаздық.