АҚШ-тағы ICE уақытша ұстау изоляторында Қытай азаматы өз-өзіне қол жұмсады

Фото: видеодан алынған кадр

АСТАНА. KAZINFORM — Қытай азаматы Чаофенг Ге АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Moshannon Valley Processing Center изоляторында өлі күйінде табылды, деп хабарлайды ABC News.

Мәліметтерге сәйкес, оны АҚШ-тың Иммиграция және кеден қызметі (ICE) тұтқындап, бес күн бұрын изоляторға орналастырған. 32 жастағы жігіт жуынатын бөлмеде мойнынан асылған күйінде табылған. Тергеу барысында қолмен жазылған жазба табылып, қылмыс белгілері анықталмаған. Оқиға өзін-өзі өлтіру ретінде қарастырылуда.

Чаофенг Ге қаңтарда несие картасы бойынша алаяқтық жасады деген күдікпен қамауға алынып, кінәсін мойындаған. Ол 6 айдан 12 айға дейін бас бостандығынан айырылды, бірақ үкім жарияланғаннан кейін ICE изоляторына ауыстырылды. ICE баспасөз қызметі барлық ұсталғандарға медициналық-психологиялық сараптама жүргізілетінін, ал АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігі мұндай өлім фактілері мұқият тексеріліп жатқанын айтты.

Еске сала кетейік, АҚШ-та медициналық ұшақ апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты.