АСТАНА. ҚазАқпарат – Алабама штатында туған күн кешінде болған атыстан кейін екі жасөспірімге кісі өлтіру қылмысы бойынша айып тағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.
Полициядан хабарланғанындай, ағайынды Тай Рейк Маккалоу (17 жаста) мен Трэвис Маккалоу (16 жаста) сейсенбі күнгі кеште қамауға алынған. Билік олардың әрқайсысына 4 тармақ бойынша айып тағылғанын мәлім етті. Айыптаулар саны әлі де артуы мүмкін. Прокурордың айтуынша, күдіктілерге кәмелетке толғандар ретінде айып тағылмақ.
Сәрсенбіде өткен баспасөз мәслихатында ресми тұлғалар бұл Дайдвилдегі атыс оқиғасы бойынша тергеудің басы ғана екенін жеткізді. Алайда, әзірге берілген ақпарат өте аз. Қылмыстық себебі немесе қарудың түрі сияқты мәліметтер айтылмады.
Полиция зардап шеккен 32 адамның төртеуі әлі де ауруханада жатқанын мәлімдеді, тағы төртеуінің жағдайы ауыр.
Еске салсақ, Алабама штатының Дейдвилл қаласында 16 жастағы жасөспірімнің туған күні кешінде атыс болды. Төрт адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.