АҚШ-та атыс болып, төрт адам қаза тапты

None
Фото: Reuters
АСТАНА.ҚазАқпарат - Алабама штатында туған күн кешінде атыс болып, төрт адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Америка дауысы» агенттігіне сілтеме жасап.

Алабама штатының Дейдвилл қаласында 16 жастағы жасөспірімнің туған күні кешінде атыс болды. Төрт адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды. Алабаманың құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.

Оқиғаның себебі хабарланған жоқ. Күдіктінің ұсталған, ұсталмағаны да белгісіз.

WRBL-TV телеарнасы атыс би студиясында болғанын хабарлады. Құрбандардың көпшілігі - жасөспірімдер.

«Бүгін мен Дейдвилл тұрғындары және Алабамадағы отандастарыммен бірге аза тұтамын. Зорлық-зомбылық қылмыстарына біздің мемлекетімізде орын жоқ және құқық қорғау органдары хабарлаған жаңалықтарды мұқият қадағалаймыз», - деді Алабама губернаторы Кей Айви әлеуметтік желілерде жарияланған мәлімдемесінде.

АҚШ президенті Джо Байден атыс оқиғасы туралы хабардар, деп хабарлады Ақ үйден. Ол жағдайды мұқият қадағалап отырғанын және қажет болған жағдайда көмек көрсету үшін жергілікті билік пен құқық қорғау органдарымен байланыста екенін айтты.

Дейдвилл Алабаманың шығысында, Монтгомериден солтүстік-шығысқа қарай шамамен 57 миль (92 км) жерде орналасқан.


Соңғы жаңалықтар
telegram