АҚШ Таяу Шығыс базаларындағы әскерін азайтып жатыр — БАҚ

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ соңғы күндері Таяу Шығыстағы әскери базаларындағы әскери қызметшілерінің бір бөлігін шығарып жатыр. Америкалық күштердің қысқаруы Иордания, Қатар және Кувейтке әсер етіп отыр, деп хабарлайды Kazinform ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: cato.org

NBC News арнасы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Вашингтон сонымен қатар аймақтағы дипломатиялық миссияларындағы қызметшілердің санын да қысқартып жатқанын хабарлады.

Арнаның хабарлауынша, 21 қазанда бірнеше дипломатиялық миссияның басшыларына қысқарған штат жағдайында жұмыс істеуді жалғастыру қажеттілігі туралы тапсырма берілген.

NBC News дереккөздері әскери және дипломатиялық персоналдың қазіргі қысқаруы 2026 жылдың ақпанында АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операциясы басталғанға дейін қабылданған шараларды еске түсіретінін атап өтті.

АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) әскерлерді қайта орналастыру жайлы егжей-тегжей ақпарат жариялаудан бас тартты.

— Біз америкалық әскерлер мен ресурстарды оңтайландыру мақсатында үнемі қайта орналастырамыз. Біз бұл әрекеттерді талқылап отырмаймыз, — деді қолбасшылықтың өкілі Тимоти Хокинс.

Еске сала кетейік, бұған дейін Трамп Израильдің Иранға соққы беруіне қарсы болып отырғаны хабарланған.