АҚШ-тың әскери қызметкерлері тікұшақ апатынан қаза тапты

Фото: aninews.in

АСТАНА. KAZINFORM — Вашингтон штатында тікұшақ апатқа ұшырап, 4 америкалық әскери қызметкер қаза тапты, деп жазды Report.

Апат туралы АҚШ армиясының арнайы операциялық қолбасшылығы мәлімдеген.

- Ақпаратқа сәйкес, тікұшақ 17 қыркүйек күні кешке кезекті оқу-жаттығуын орындаған. Олар жаттығуды Льюис-Маккорд әуе күштері базасына жақын жерде жүргізген. Бортта төрт адам болған, олардың аты-жөні әлі жарияланбады. Сондай-ақ апаттың себебі анықталған жоқ, - делінген ақпаратта.

Оқыс оқиғаны Терстон округінің шериф кеңсесі хабарлаған.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-та жолаушылар мінген тікұшақ апатқа ұшырады.