АҚШ тарапының мәліметінше, операция 19 қыркүйекте жүргізілген. Әскери қолбасшылық катердің есірткі тасымалына қатысы бар екенін барлау деректері растағанын хабарлады.
– Нақты барлау деректері бұл кеменің есірткі тасымалына қатысы бар екенін растады. Операция барысында төрт есірткі террористі жойылды, – делінген АҚШ Оңтүстік қолбасшылығының мәлімдемесінде.
Әлеуметтік желіде жарияланған кадрлардан қозғалып бара жатқан катерді кенеттен жарқыл шарпып, кейін оның көрінбей қалғанын байқауға болады.
Алайда америкалық әскерилер катердің заңсыз есірткі айналымына қатысы болғанын растайтын қосымша дәлелдер ұсынбаған.
Бұған дейін биыл көктемде АҚШ Кариб теңізі мен Тынық мұхитында есірткі тасымалдаған 47 кемені жойғаны хабарланған.