АҚШ Кариб теңізінде жетінші мұнай танкерін басып алды
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Оңтүстік қолбасшылығы сейсенбі күні таңертең Венесуэламен байланысты жетінші мұнай танкерін басып алғанын мәлімдеді, деп хабарлады CBS News.
Мәлімдемеде Sagitta танкері «АҚШ президенті Дональд Трамптың Кариб теңізіндегі санкцияланған кемелерді карантинге қоюына қарсы әрекет еткені» және бұл акция «тек тиісті және заң аясында бекітілген мұнайдың Венесуэладан шығуын қамтамасыз етуге деген шешімімізді көрсетеді» делінген.
АҚШ Қаржы министрлігі Шетелдік активтерді қадағалау басқармасының мәліметінше, Sagitta – Панама туымен жүретін, «Sunne Co Limited» компаниясына тиесілі кеме, ол АҚШ санкцияларына түскен басқа да бірнеше кемеге иелік етеді. Кеме санкцияланған елдерден мұнай тасымалдайтын көлеңкелі флоттың құрамында болған деп шамаланып отыр.
Осылайша, АҚШ 2025 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Венесуэламен байланысты жеті мұнай танкерін тәркіледі. Оның алтауы Кариб теңізі аймағында, ал біреуі Солтүстік Атлантикада болды.
Желтоқсан айында Венесуэла БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінен елге қарсы жалғасып жатқан АҚШ агрессиясын талқылау үшін жиналуды сұрады.
Еске сала кетсек, АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желі арқылы АҚШ санкция салған мұнай танкерлеріне қарсы Венесуэлаға қарсы теңіз блокадасын енгізетінін мәлімдеді.
Содан кейін АҚШ Венесуэла маңында ұсталған танкер мен оның мұнайын тәркіледі.