АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмесін табыстады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Америка Құрама Штаттарының жаңадан тағайындалған Елшісі Джули Стаффттан сенім грамоталарының көшірмесін қабылдады.
Фото: ҚР СІМ
Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің ағымдағы жағдайы мен перспективаларын талқылады.
Фото: ҚР СІМ
Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар бірлескен жұмысқа дайындығын растап, диалогты жалғастыру туралы келісті.
Еске сала кетейік, бұған дейін былтырғы жылдың қазан айында Джули Стаффт АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі болып тағайындалғанын жазған едік.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)