АҚШ-тың мемлекеттік қарызы екі айда $400 миллиардқа өсті

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың мемлекеттік қарызы рекордтық 40 триллион долларға жеткеннен кейін, екі айда тағы 400 млрдқа өсті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Вашингтондағы меншікті тілшісі US News -ке сілтеме жасап.

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Шығындардың көп мөлшері қорғанысқа, әлеуметтік бағдарламаларға және бюджет тапшылығына байланысты пайыздың өсімін төлеуге жұмсалады.

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 2026 жылғы 19 тамызда тарихта алғаш рет 40 трлн доллардан асқан болатын. Былтыр қазан айында, Американың қарызы 38 триллион доллар болған.

Сарапшылар қарыздың қазіргі өсіміне қарап, 2030 жылы АҚШ мемлекеттік қарызы 50 триллион долларға жететінін болжап отыр.

АҚШ-тың мемлекеттік қарызының шекті мөлшерін Конгресс заңмен белгілейді. 41,1 триллион долларлық шекті мөлшерге АҚШ, Қос партиялы саясат орталығының дерегі бойынша, 2027 жылы қыстың соңы мен жаздың ортасы аралығында жетпек. Сол кезде Конгресс шекті мөлшерді көтеру немесе тоқтата тұру туралы мәселені тағы да дауысқа салады.

Бұрын АҚШ БҰҰ алдындағы қарызының бір бөлігін өтеуді жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.