АҚШ Трамптың екінші президенттік мерзімінде 300 мыңнан астам визаның күшін жойды

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ билігі Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі басталғалы бері 300 мыңнан астам визаның күшін жойды. Бұл туралы Мемлекеттік департамент өкілі The New York Post басылымына мәлімдегенін Report хабарлады.

Фото: Report

Визалар қылмыстық әрекеттер, қоғамдық қауіпсіздікке төнген қатерлер және иммиграциялық заңнаманы бұзу, соның ішінде алаяқтық пен жалған ақпарат беру себептерімен жойылған.

Мемлекеттік департамент өкілінің айтуынша, шетел азаматтарының кемінде 4 мың визасы «босану туризмімен» айналысқаны немесе оған көмектескені үшін кері қайтарылған.

Томми Пиготтың мәліметінше, Трамп әкімшілігі визалардың күшін жою бойынша рекордтық көрсеткішке жеткен.

Бұған дейін, өткен айда, АҚШ Мемлекеттік департаменті 2025 жылғы қаңтардан бері 250 мыңға дейін жүргізуші куәлігінің күші жойылғанын растаған.

Бұған дейін АҚШ бүкіл әлем бойынша виза беруді тоқтатқанын жаздық.