The Hill газетінің хабарлауынша, Маркетт университеті 2–9 қыркүйек аралығында 1023 адамның қатысуымен сауалнама жүргізіп, олардың жасанды интеллектіге деген көзқарасын зерттеген.
Зерттеу нәтижесіне сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың 64 пайызы жасанды интеллектіні қоғамға «зиянды» деп бағалаған. Ал 36 пайызы керісінше пікір білдірген.
Сонымен қатар технологияға қатысты теріс көзқарасқа қарамастан, сауалнамаға қатысқандардың 69 пайызы жасанды интеллектіні қолданатынын айтқан.
ЖИ-дің дамуын баяулату төңірегіндегі пікірталас жалғасып жатыр
АҚШ-та жасанды интеллектінің қарқынды таралуы аясында соңғы күндері технология қауіпті деңгейге жетпей тұрып, оның дамуын баяулату туралы үндеулер көбейді.
Anthropic компаниясының бас директоры Дарио Амодеи, OpenAI бас директоры Сэм Альтман, сондай-ақ Tesla және SpaceX басшысы Илон Маск сияқты технология саласының бірқатар жетекші өкілдері жасанды интеллектіні әзірлеу қарқынын бәсеңдетуге шақырған.
Сонымен бірге АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі жасанды интеллектінің дамуын баяулатуы мүмкін жаңа шектеулер енгізудің орнына инновацияларды ынталандыруға бағытталған ұстанымды қолдап отыр.
Трамп жасанды интеллект технологияларының бақылаудан шығып кету мүмкіндігіне қатысты пікірлерді «ауру конспирация» деп атаған. Сондай-ақ ол бұл саладағы жұмысты баяулату Қытайға артықшылық беретінін мәлімдеген.
Айта кетейік, Нобель лауреаты Джеффри Хинтон адамзат жасанды интеллектіні бақылаудан шығарып алуы мүмкін екенін ескертті. Себебі ЖМ «ұрпағына» адамға бағынбауды өсиет ете бастады.