Ақша айырбастау орындарында доллар, еуро мен рубль қанша теңгеден саудаланып жатыр

Фото: Александр Павский / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 518 — 524 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 4 шілдеге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 519,57 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,61 теңге. Еуро — 612,78

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы —519,5 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 608 сату құны — 613.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 524 теңге, сатып алу құны — 518 теңге. Еуро 607 теңгеден сатып алынып, 614 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,46— 6,62 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 3 шілде күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,09 теңгеге қымбаттап, 519,57 теңге болған.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.