Ақша айырбастау орындарында доллар, еуро мен рубль қанша теңгеден саудаланып жатыр

Фото: Александр Павский / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 517 — 523 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 25 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 519,16 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,62 теңге. Еуро — 602,13.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы —518 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 600 сату құны — 605.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523 теңге, сатып алу құны — 517 теңге. Еуро 597 теңгеден сатып алынып, 604 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,47— 6,63 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 24 маусым күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,84 теңгеге төмендеп, 519,16 теңге болған.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.