Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 515 — 522 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 15 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 518,21 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,30 теңге. Еуро — 590, 09.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 517 теңге. Еуро 586 — 592 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522 теңге, сатып алу құны — 515 теңге. Еуро 580 теңгеден сатып алынып, 590 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,14 — 6,29 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 13 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,93 теңгеге қымбаттап, 518,21 теңге болған.
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.