Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

Фото: Фото: freepik

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 514 – 521 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 12 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 514,94 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,13 теңге. Еуро — 583, 74.

Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 517 теңге. Еуро 581 — 589 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 521 теңге, сатып алу құны — 514 теңге. Еуро 582 теңгеден сатып алынып, 592 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,10 - 6,20 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 11 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,36 теңгеге төмендеп, 514,94 теңге болған.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.