Ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы қандай
08:41, 08 Тамыз 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамдары ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде:
— доллар: сатып алу — 538,98 теңге, сату — 541,21 теңге;
— еуро: сатып алу — 625,12 теңге, сату — 630,46 теңге;
— рубль 6,62 — 6,74 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау пунктерінде:
— доллар 536,61 теңгеден сатып алынады, 543,61 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 621,64 теңге, сату — 631,67 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,66 теңге, сату — 6,77 теңге.
Еске салайық, 7 шілде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,68 теңгеге қымбаттап, 539,38 теңге болды.