Ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

Фото: Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,08 теңгеге арзандады. 

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 498,51 теңге. 

Ұлттық банктің 25 қарашаға арналған ресми бағамы – 1 долларға 498,34 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,85 теңге. Еуро – 519,72.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 499,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 501,7 теңге. Еуро 522,5 – 526,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 497 теңге, сатып алу құны – 502 теңге. Еуро 519 теңгеден сатылып, 525 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 4,83 – 4,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Осыған дейін ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин доллар бағамының 600 теңгеге дейін өсуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді. 

Ұлттық банк мәліметінше, валюта нарығындағы теңгерімділікті арттыру мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімдерінің 50%-ын міндетті түрде сату талабы қайта енгізіледі. 

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев доллар бағамына қатысты пікір білдірді. 

Қаржыгер Расул Рысмамбетов теңге бағамында алыпсатарлық жасайтындарды анықтау маңызды екенін айтты. 

Сондай-ақ ол теңгенің әлсіреуі АҚШ-тағы сайлаудың нәтижесі емес, ең алдымен ішкі экономикалық факторларға байланысты деп есептейді.