Еске сала кетсек, Ақсу қаласында Әуезов көшесіндегі үйден әйел мен оның жеті және бес жастағы балаларының денелері табылды. Зардап шеккендердің барлығы пышақталған. Қаза тапқандар туралы қаланың кезекші бөлігіне сағат 11: 40-та хабарланған.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ізін суытпай әйел мен оның кәмелетке толмаған балаларын өлтірді деген күдіктіні ұстады.
Ол Ақсу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы ҚК 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы және 99-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізілуде.