«Кешке сағат 20-да Ақсу қаласының ІІБ-не балалардың ата-аналары келіп, оқушылардың әлі сабақтан келмегенін айтқан. Осыдан бір күн бұрын үйге кеш келгендері үшін жеткіншектердің екеуі де жазаланған. Жоғалған оқушыларды 30-ға жуық жергілікті полиция қызметкерлері іздеп, олар таңғы сағат төртте қаланың шетіндегі мұнай базасының маңында табылды», - деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
№7 мектеп директоры Гүлсім Баисованың айтуынша, оқушылар түстен кейін оқиды. «Балалардың біреуі кеше сабақта болды, ал екіншісі қарындасын мектепке әкеліп, өзі кірмей кеткен. Сабақ аяқталысымен оқушылар кездесіп, бірге кетіпті. Жалпы, екеуінің де сабақ үлгерімі жаман емес, жақсы отбасынан шыққан», - деді мектеп директоры.