Ақтау гарнизонында түнгі оқу ату жаттығулары өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтау гарнизоны «Оймаша» полигонында түнгі оқу ату жаттығулары өтіп жатыр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Теңіз жаяу әскерлерінің бригадасы қатарында Отан алдындағы борышын өтеп жүрген әскери қызметшілер түнгі оқ ату жаттығуларын орындауда. Өткен жылдың күзінде әскерге шақырылған сарбаздар тәжірибелі командирлердің басшылығымен түнгі көру құрылғыларымен АК-74-тен бақылау атыстарын жүргізуде», - делінген ведомство мәліметінде.