Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы айтылды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Ақтау қаласы маңында болған әуе апатынан жарақат алып ауруханада жатқан жандардың денсаулық жағдайы туралы соңғы мәліметпен бөлісті.
— Таңертең санавиация бортымен Ресей Федерациясының 9 азаматы одан әрі емделу үшін Мәскеуге эвакуацияланды. Сондай-ақ, бүгін кешке 14 науқас, яғни Әзербайжан азаматтары еліне жіберіледі. Қазір бізде 6 пациент ем алып жатыр, олардың үшеуі Әзірбайжан азаматы және үшеуі Қырғызстан азаматы, — деді Тимур Мұратов Ақтау өткен баспасөз мәслихатында.
Вице-министрдің айтуынша, қазір 4 реанимация бөлімінде, қалғаны жалпы палатада жатыр.
— Бір пациенттің жағдайы өте ауыр әрі тұрақсыз болып тұр. Емдеу жалғасып жатыр, — дейді ол.
Бұған дейін Ақтауда әзербайжандық азамат ұшақ апатынан зардап шеккен туысын таппай жүргенін хабарлаған едік.