АҚТАУ. KAZINFORM — Кazinform агенттігі бұл мәліметті өзінің ақпарат көздеріне сүйене отырып хабарлайды.
Мәліметтерге сүйенсек, Ақтау халықаралық теңіз сауда портының президенті қамауға алынған, тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізіп жатыр.
Әзірге порт басшысының қандай күдікке ілінгені белгісіз. Кazinform ҚР ҰҚК-ға ресми сұрау хатын жолдады.
Дереккөзге сүйенсек «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы қазір уақытша тергеу изоляторында.
Бұған дейін Маңғыстауда «Кезби» мұнай-сервис компаниясының директоры 10 жылға сотталғаны туралы жазған болатынбыз.
Аягөз Ізбасарова
Ізбасарова Аягөз Оралбайқызы телевизия саласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жүргізуші-редакторлықтан бастап, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. Соңғы 7 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі. Ақпарат саласының үздігі. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде 2024 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді.