Ақтауда 5-қабаттан құлаған ер адамның өліміне байланысты іс қозғалды

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 28-шағынаудандағы 34-үйдің бесінші қабатынан құлаған ер адамның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі xабарлады. Оқыс оқиға 12 маусымда болған.  Жедел жәрдем қызметі келгенімен ер адамды ажалдан арашалап қала алмады.

  Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бап 1 бөлігі бойынша іс қозғалып, Ақтау қаласының ІІБ сотқа дейінгі бірыңғай тізіліміне енгізілген.

 Сот-медициналық экспертиза тағайындалған. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, депе атап өтті баспасөз қызметі.

 

Соңғы жаңалықтар