Қылмыс сәуірдің 28-нен 29-на қараған түні болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам алдымен 28-үйде тұратын әйелді пышақтап өлтіріп, сосын 2-қабатқа көтеріліп, екінші әйелді жаралаған.
МО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті ізін суытпай ұсталған. Ол 5-шағынауданда құрықталған.
«Күдікті ұсталды және қазір уақытша қамау изоляторында отыр. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы бойынша іс қозғалды» делінген хабарламада.
МО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің айтуынша, жарақат алған екінші әйел ауыр халде жатыр. Қабырғасы сынып, көкірек тұсынан жарақат алған.