Ақтауда «Каспий самалы-2025» бірлескен әскери-теңіз жаттығулары өтіп жатыр

Фото: Қорғаныс министрлігі

АҚТАУ. KAZINFORM — Ақтауда Қазақстан мен Әзербайжан Әскери-теңіз күштерінің «Каспий самалы-2025» бірлескен оқу-жаттығуларының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлім етті. 

Оған екі мемлекеттің қолбасшылығы мен әскери қызметшілері қатысты. Дәстүр бойынша іс-шара әскери оркестрдің мемлекеттік әнұрандарды орындауы мен екі елдің туларын көтеруден басталды.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Әскери контингенттерді Қазақстан Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы 1-дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков және Әзербайжан Әскери-теңіз күштері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы 1-дәрежелі капитан Теймур Муршудов құттықтады.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Бірлескен оқу-жаттығулар теңіз экономикалық қызметі нысандарының, Әскери-теңіз күштері мен кеме қатынасы пунктерінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Фото: Қорғаныс министрлігі

1 дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков атап өткендей, оқу-жаттығулар екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға және кәсіби тәжірибе алмасуға ықпал ететін болады.

Іс-шара шағын футбол, армрестлинг, арқан тарту және жүзу жарыстарымен аяқталды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның әскери теңізшілері Бахрейнде суасты миналарын тазартуға қатысатынын жазған едік.