Ақтауда қызды ұрып-соққан тұрғын қамауға алынды

АҚТАУ. KAZINFORM – Ақтауда қызды тонап, ұрып-соқты деген күдікпен ер адам ұсталды. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Фото: Видеодан алынған скрин

— Осы іс бойынша тергеу жалғасып жатыр, болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда, — делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, 17 қарашада Ақтауда түнгі көңіл көтеру орындарының бірінің алдында ер адамның қызды ұрып-соққан бейнежазба тарады. Бейнежазбада ер адам қызды бетінен ұрып, жерге құлатады. Ұрып-соғу мұнымен тоқтамай, сәлден кейін қайта жалғасқан. Кейін жәбірленуші әлеуметтік желіде жігіттің бұған дейін де оған қол көтергенін жазған. Қоғамда резонанс тудырған осы бейнежазбадан кейін полиция күдіктіге қатысты іс қозғады.