Каспийде қолдан жасалған салмен жағадан алысқа кетіп қалған 6 жеткіншек құтқарылды

АҚТАУ. KAZINFORM — Маңғыстау облысында құтқару операциясы өтті.

Фото: видеодан кадр

Бүгін ТЖМ қызметкерлері Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауынан 1,5 км қашықта қолдан жасалған жүзу құралымен жағадан алыс жүзіп, қайтып келе алмаған 17-19 жас аралығындағы 6 жасөспірімді құтқарып, жағалауға жеткізді.

Оларға медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ қауіпсіздік талаптарын еске салады:

  • суда құтқару кеудешесін киіңіз;
  • қайықты ішімдік ішкен күйіңізде басқармаңыз;
  • балаларды бір минутқа да қараусыз қалдырмаңыз.