Ақтауда көлік шұңқырға құлап кетті

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда көлік шұңқырға құлады деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 15 шағын ауданда болған.

Оқиға кеше сағат 14:10-да 15 шағын ауданда болған. Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалуы салдарынан көлігі шұңқырға құлаған.


«Kia Sportage автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып қалған. Зардап шеккендер жоқ. Автокөлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.