Ақтауда көлік өртеніп, жүргізушісінің қолы күйіп қалды

АҚТАУ. KAZINFORM - Ақтауда 42 жастағы қала тұрғыны көлігі өртенген сәтте қолын күйдіріп алды.

Фото: ТЖД

Өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, шағын аудандардың бірінде "Opel" көлігінен толығымен өртеніп кеткен.

«4 наурыз күні сағат 16:35-те Ақтаудың 23-ші шағын ауданында 1994 жылы шыққан "Opel" маркалы автокөлік отқа оранды. Соның салдарынан 1982 жылы туған жүргізушінің оң қолының 5-6 пайыз бөлігі күйіп алды. Тілсіз жау 16:45-те сөндіріліп, оқиға орнына жеке құрамның 6 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды», - деді облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен қала тұрғынының жағдайы қалыпты екенін атады.

«Бүгін өрт кезінде қолын күйік шалған азамат дәрігер көмегіне жүгінді. Амбулаторлық ем-дом көрсетілген соң үйге жіберілді», - деді Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханының дәрігерлері.

Осыған дейін Ақтауда патрульдік полиция мінген қызметтік көлік жол апатына себепкер болған еді. 

Сонымен бірге, көлік дөңгелегін жөндеу цехында болған өрт кезінде күйік шалған екі шетелдік азамат аурухана жеткізіліп, қазірге дейін жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.