Енді кондукторлар маскасыз жолаушыларды қоғамдық көліктен шығарып жіберуге құқылы.
Шенеуніктер осы талаптардың сақталуын тексеріп, рейдтер өткізуді жоспарлап отыр.
Аймақтың бас санитар дәрігерінің наурыздағы жаңа қаулысына сәйкес автобуста күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық және маска режимі сақталуы тиіс.
Автобустардағы жолаушылар саны отыратын орындар санынан аспауы тиіс.
Қалалық әкімдікте хабарлағандай, шенеуніктер рейд жүргізіп, маскасыз жүрген жолаушыларды анықтайды.
Рейдтер 8 сәуірден басталады.
«Коронавирус індеті тағы да қарқын алуда: көрші үш аймақ «қызыл» аймаққа кірді. Осыған байланысты санитарлық нормаларды сақтауды және қоғамдық көлікте бетперде киюді сұраймыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз» делінген әкімдік таратқан хабарламада.