Мамандар кәсіпкерлік белгілері бар нысандарды электр энергиясын тұтыну деректері негізінде анықтаған, яғни, аталған мекенжайларда кәсіпкерлік қызметтің белгілері болғанымен, олар салықтық есеп жүйесінде тіркелмеген.
— Анықталған нысандардың қатарында дүкендер, дәмханалар, сұлулық салондары, шеберханалар және басқа да кәсіпкерлік нысандар болуы мүмкін. Алайда салық есебінде тіркеудің болмауы кәсіпкерлердің барлығы салық төлеуден жалтарып отыр дегенді білдірмейді, — дейді мамандар.
Мәселен, нысанның иесі ауысуы, кәсіпкерлік қызметтің басқа адамның атына рәсімделуі немесе мекенжай туралы мәліметтердің нақтылануын қажет етуі ықтимал. Сондықтан әрбір жағдай жеке тексеруді талап етеді.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта кәсіпкерлерге заңнама талаптары мен салықтық міндеттемелерді орындау тәртібі түсіндіріліп жатыр.
Уәкілетті органдар бизнес иелерін салық органдарында уақтылы тіркеліп, заңнамада көзделген салықтар мен міндетті төлемдерді төлеуге шақырады.
Бұған дейін Ақтауда Каспий жағалауындағы заңсыз берілген жерлер мемлекетке қайтарылды.