«Полиция қызметкерлері 58 жастағы күдіктіні ұстап, оған әкімшілік хаттама толтырды. Сондай-ақ, оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады», - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі бастығының м.а. Айгерім Ибатуллаева.
Оқиға қаланың 11-шағын ауданы 19-үйінде болған. Айта кетсек, бұған дейін осы шағын аудандағы көпқабатты үйлердің бірінің алтыншы қабатынан 39 жастағы ер адамның үстіне диван құлаған еді.